Сан сырлы сахна

1952 жылы Аякөз ауданы Тарбағатай ауылында туған. Мектепті бітіргеннен кейін әскер қатарына шақырылып 1973 жылы Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы өнер колледжінде әншілер бөлімін бітіріп, Көкшетау облысындағы жаңадан ашылған «Көгілдір Жасыбай» ансамбіліне шақырылады. Осы ансамбльде Абай, Біржан сал, Ақан сері, Мәди әндерін толқыта шырқап, қазақ әндерінің жаңа бір шоқтығын көтерді.

Әнге деген құштарлық,өнерге деген талпыныс әрқашанда өзінің өскен ортасы туған жеріне қызмет ету керек қой. Осыны жақсы түсінген Т.Рахимов біраз жылдан кейін Семейге келіп, Б.Сыбановың ықпалымен ашылған «Ақбұлақ» ансамблінде әнші болып қызметке орналасады. Арқаның сұлу әндерін сазына келтіріп орындайтын әнші өзінің өнер сапарында ән шығаруға деген құштарлығы арта түседі. Сол бір сезімнің әсері болар, содан ба М.Мақатаев жырларына үңіле бастап, соған әуен жазуға құлшынды.

Ол кейінгі жылдары Абай атындағы музыкалық драмма театырында өзінің өнерлік жолын жалғастырып келді. Ғ.Мүсіреповтың «Қайран Майра» пеасасындағы әнші Есет бейнесін, Т.Ибрагимов пен компазитор Т.Базарбаевтың музыкалық драммасы «Жаза-Назада» Құнанбай образдарын шынайы түрде шыңдай сахнаға шығарды. Т. Рахимов ұлағатты әнші-ұстаз, оның шәкірттері бүгін республика көлемінде үлкен-үлкен конкурстарға қатынасып жүлдегер атанып жүр. Елудің қырқасынан асқан әнші- сазгер, ұстаз Т. Рахимовтың алдағы берері әлі де көп болса керек. Оның театр спектакльдерінде үндес үлесі ән қанаттастығында, «Айман-Шолпанда», өзге спектакльдерде оның өнері сахнаға үн сыйлаған әншілігінің орнымен айқындалады. М.Мақатаев мұрасының бір өзі мұрагері көрінгендей Т.Рахимов өз сазгерлігінің жүрек жарды сырларын шәкірттер сарайынан танып, саз сауғандай кезеңге де жетті. Оның сазгерлігінің өнер жемісті дәйегіндей «Сәби болғым келеді», «Нені аңсаймын» ән жинақтарының өнер сүйер қауымға сыйлар сыбағасы аз емес. Өнер иесі өрінде, дер шағында.

Тұрсынғазы Рахимов // Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна: (Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрына – 70 жыл).- Алматы: ҚазАқпарат, 2004.-196 б.