Кітаптар

Рахимов Т. Нені аңсаймын. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2004. – 180 б.

Бұл кітапта қазақ халқына танымал әнші, сазгер, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Тұрсынғазы Рахимовтың әр жылдарда туып, ел арасына кең тараған әндері жинақталған. Ән сазгердің жүрек лүпілі, дем-тынысы, өмір жолы десек те, осы жинақтан автордың өзі туралы жазылған өнер сыншыларының, журналистердің, ақындардың, дос-құрдастарының туындылары орын алған. Кітаптың тілі шұрайлы, тартымды, көпшілік қауымға арналған.

Семейдің әнші–сазгерлері: Библиографиялық портрет. – Семей, 2013.- 38-39 б.

Құралға халықтық мәдени қазынаны қастерлеп, дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан Семейлік жезтаңдай әншілер мен талантты сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы анықтамалар берілген. Әнші-сазгер Т.Рахимов туралы да ақпарат қамтылған.

Рахимов Т. Сәби болғым келеді: Әндер жинағы. – Алматы: Атамұра - Қазақстан, 1994. - 64б.

Жинақта белгілі композитор Тұрсынғазы Рахимовтың жинағында шынайы сезім, шеберліктен туындаған табиғат, өмір, жастық шақ, махаббат сырына арналған әндері топтастырылған. Нәзік ырғақты, сазды, әсем лирикаға толы әуен құдыреті тыңдаушысын елітіп, ғажайып тылсым күйге бөлері анық. Кітапта әндер нотасы және оған қоса өлең-жыр жолдарымен беріліп отыр.

Тұрсынғазы Рахимов // Қамбаров Ж. Сан қырлы сахна: (Абай атындағы қазақ музыкалы драма театрына – 70 жыл).- Алматы: ҚазАқпарат, 2004.-196 б.

Кітап авторы – журналист, драматург, әнші сазгер осы шығармасында бір театрдың жетпіс жылдық өнерін ғана емес, қазақ сахнасының бір ғасырлық даму мен өсу жолын қамтуға күш салады. Сонымен қатар, өнердегі әріптестерінің ішінде Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, әнші-сазгер, замандасы Тұрсынғазы Рахимовтың да өнер жолы туралы сипаттайды.

Ибрагимов Т.Толқын толғау: Аллитерациялық эсселер. – Алматы: Өнер, 2000. - 360 б.

Кітап өнер жолы тарихын, халқымыздың ән-күй қазынасы мен қазіргі күйшілік, әншілік орындаушылық шеберлік мәселелерін қозғайды. Автор өнер игілігі мен өнер тұлғалары ерекшеліктерін, музыка мен тыңдаушының қабылдау, тану табиғатын таразылайтын қызғылықты қыруар көзқарастарын қорыта алған. Бұл кітап өнер ырысын сезініп, қадірлейтін талғампаз оқырмандар қауымына

Режиссер Есмұхан Обаев / «Әйгілі адамдар» сериясы. - Алматы: Өнер, 2011. - 216 б.

Ұлттық режиссураның талантты буынының көрнекті өкілі, Қазақстанның халық артисі, режиссер Есмұхан Обаевтың «Әйгілі адамдар» атты төрт бөлімнен және қызғылықты мәліметтерден тұратын сериясында, таңғажайып театр әлемінің сан алуан мәселелерінен, оның ғаламға танылған жарқын тұлғалары өз заманына, замандастары мен қазіргі театр, сахна өнеріне деген ымырасыз отты ойлары, режиссерлігі, өнер және өмірлік ұстанымдары жайынан сыр шертеді. Кітап өнерді шынайы қадірлейтін қауымға арналған.