Сазгерге балуан сый тартты

Қасиетті Семей топырағы ұлылардың басқан ізінен кенде емес. Кешегі тума талантты тұсап ұстаған патша ағзам заманында да саясат пн қудалаудың қармағын салған қызыл империя ғасырында д бұл қасиетті өлкеден өнер өресі үзілген жоқ.Нағыз шығармашылық топ, қаламы қарымды жазушы да, аты әлемге әйгілі ақын да, бұлбұл көмей әнші де, сезімтал сырбаз сазгер де өз халқымен бірге жасап, бірге өмір сүріп келеді. Сондай танымал сазгер-әншілеріміздің бірі – Тұрсынғазы Рахимов. Тұрсынғазыға Аллатағала бабалары – Біржан сал, Ақан сері, Әсет сияқты бар қасиетті бойына сыйғызып берген. Ол – сазгер, ол- әнші, ол - -орындаушы. Ол – той-жиында халықты аузына қаратып, темаша думанға бөлейтін асаба. «Балықшыны балықшы алыстан таниды»,- демекші, Тұрсынғазының сазгерлік өнерінің тұсау кесерін Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне арнауы, соны арқау етуі тегін емес. Жас сазгердің арқалы ақын шығармасына тайсалмай баруы – ерлік. Ернлік қана емес, талант пен таланттың табысуы. Айталық «Сәби болғым келеді», «Дариға домбырамды берші маған» деген әндерін бұл күнде айтпайтын қазақ кемде-кем десем, асыра мақтанғандық емес.

Иә, ел таныған сазгер-әнші Тұрсынғазы өмірінде де сан рет есте қалар сәтті күндер, қызықты да қылықты жиындар болды.

1993 жылы желтоқсан айының басында, Алматы қаласында не бір майталман маңғаз ақын-жазушылар мен елге танымал сазгер, әншілер арасында, ән сүйер үлкен қауым ортасында Тұрсынғазының шығармашылық кеш өтті. Сол кешке Жарма жұртынан өнер десе, өзегі өртенетін «Қалбатау» асыл тұқымды мал заводының бір топ өнерпаз жастары арнайы барып, сазгермен қоса өнер көрсетіп, қолдау танытты. Өнерпаз қауымды шаруашылық директоры, іскер басшы Дүйсенғазы Мағауияұлы Мусин бастап барған-ды. Бұл да бір өнер сүйетін елдің өнерлі жасқа деген сүйіспеншілік пен ыстық ықылас, құрметті еді. Сол кеште тағы бір айтулы оқиға болды. Семей еліне ет жақын, аты бүкіл әлемге әйгілі Дәулет Болатұлы Тұрлыханов Тұрсынғазының шығармашылық кешіне арнайы келіп, ағасының шынайы талантына бас иіп, шын жүректен құттықтап, құшақ жайып, төс қағысты. Не деген қазақшылық, «ұлық болсаң, кішік бол деген» қарапайымдылық, үлгі аралық-ақ, ұлағатты мінез ғой, былайғы өркөкірек мен-менсігендерге.

Осындай жаксы кездесуге, жылы қабылдауларға сазгер-әншінің мерейі өсіп қайтты. Нағыз шығармашылық күйге шабыт келді. Сазгерге үнемі демеп, қамқоршы болып жүретін өнер ордасын ширек ғасырдан артық басқарып келе жатқан қалалық мәдениет ошағының бастығы Мәулімғазы Омарханұлы Мәсәлімов жоғары лауазым иелеріне ұсыныс жасай жүріп, Тұрсынғазыға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» деген құрметті атақ алуына қол ұшын берді. Өнер иесін тану да, бағалау – бұл да азаматтыққа жатса керек. Бұл – сазгер үшін 1993 жылдың жемісі еді. Тұрсынғазы 1994 жылы да сәтті күндер күтіп тұр еді.

Ол – әнші-сазгердің атағын бүкіл қазақ жұртшылығына танытатын «Сәби болғым келеді» деген атпен шыққан әндер жинағы. Жинаққа «Әнге ғашық жүрек» деген алғысөз жазған ғалым зерттеуші Төкен Ибрагимов. Ғалым жинаққа енген ән-сазына мынадай түйін жасайды: «Өнер – тәңір сыйы. Бойдағы тәңір сыйын тану, сезіп түйсіну. Оны әлдебір өнер тілімен ашып, өз көкірек өзегінен өзгеге жеткізу, өзгені де соған өзіндей ынтық, ғашық, құмар ету талантпен бірге танымның да ізгі жүректілігі. Тыңдаушы-бізбен де жәймен тербелген әсем ән ырғағында тұнық, тәтті саз бен наз бөліскен екен». Осы жинақтың шығуына үлкен қамқорлық жасап, көптен-көп еңбек сіңірген қазақ өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып, ат салысып жүрген өзіміздің семейлік кәсіпкеріміз, қазақтың ұлттық киімдерін тігетін «Мәдениет» фирмасының бас директоры Адай Зейнолдаұлы Азаматов мырза және сол фирманың ұжымы. Сол жылы шілде айындасазгер Тұрсынғазы көршілес Қытайеліне арнайы шақырумен Шыңжаң өлкесіндегі Үрімші қаласында болып, өнер көрсетіп қайтты. Сол сапарындасол елдегі қандастарға бейнетаспаға 1,5 сағаттық концерттік бағдарлама жаздырып, қалдырып кетті. Адай Зейнолдаұлы Азаматов мырза сазгер –әншімен 15 күндей бірге болды, демеушілік жасады. Өнерге деген шынайы қамқорлық осыдан да көрінсе керек. Қаладағы басқа да бай кәсіпкерлер осылай қамқор көңіл танытса қанеки.

Жадыраған жазда 1994 жылы Семей қаласында грек-рим күресіне халықаралық турнир өтіп, оған әлемнің, Европаның чемпионы, Сеул, Барселона Олимпиадаларының жүлдегері, Қазақстан Республикасының халық депутаты Дәулет Болатұлы Тұрлыханов туыстары мен анасы – Қазақстан Республикасының халыққа білім беру ісінің үздігі Мәрзия Айтбайқызы, туыстары арнайы келіп қатысты. Осы үлкен жиында сазгер Тұрсынғазы бойына үлкен шабыт келді. Шіркін, шабыт осындай шалқар жиында бәйге атындай қызынатын әдетің-ау сенің. Міне, қолда үкілі домбыра, топ алдында сазгер-әнші Тұрсынғазы:

«Күрес» деген жекпе-жек,

Дәулермен келген бетпе-беп.

Дәулетім шықса майданға,

Жеңіске ешбір бөгет жоқ.

Әр аспанға әуелей, қалықтай жөнелді. Бұл – ақын Мерғали Ибраевтың сөзіне жазылған «Бас балуаны жұртымның»- деген Дәулетке арналған жаңа әні еді.

-Әкеден тусаң-солай ту,

Дәулеттер аман жүргенде,

Желбірер біздің талай ту!-

деп екпіндей аяқталды.

Қалың көптің ішінен топ жарып келіп, бас балуанның анасы Мәрзия сазгерді құшағына қысты. Дәулет ағасының арқасынан қағып, құрмет көрсетті. Үлкен өнердің иелері балуан мен сазгер осылай қауышты. Бір-бірін осылай ұғысты. Сол ұғысу мен туысудың белгісі биыл 1999 жылы маусым айында тағы да жалғасын тапты.

Дәулет ағасына Астанадан арнайы сазгерге сыйлық деп «Жигули - 2015» автомашинасын жіберіпті. Өнерді сыйласаң, осылай сыйла. Алған-берген дәнеңе емес-ау, елеп-ескеруге не жетсін, сірә. Асқар таудай атағы да сазгерге шабыт қой, шіркін. Сазгердің осы бір салтанатты, қуанышты сәттерін жақын достары, Семейдің атқамінер азаматтары Есентай Байсақов, Әсет Досқожанов мырзалар бірге бөлісті. Семей қалалық мәдениет сарайының қызметкерлері сазгер қызығына арнап ән-шашу рәсімін жасады. Иә, осыдан соң да сазгер шабыты шарықтап, көкке қанат қағатын болар-ау!

Зүкенов М. Сазгерге балуан сый тартты//Семей таңы.-1999.-6 сәуір